3–6 жас: дене мүшелерінің атауын дұрыс, бірақ қарапайым тілмен түсіндіру. «Сенің денең — Құдайдың сыйы» деп үйрету. 7–10 жас: ұрықтану, неке, өз денеңе және өзгенің денесіне құрмет туралы айту. 11 жастан бастап: жыныстық құмарлық, интернет, порнография, қарым-қатынастағы шекаралар, Құдайдың жоспары және азғырумен күрес туралы ашық әңгіме жүргізу.
Қашан және қалай бастау керек?
Балаларды тәрбиелеу: Құдайдың сеніп тапсырған аманаты
«Жасөспірімді өз жолының басында тәрбиеле, ол қартая келе де содан таймайды.» (Нақыл сөздер 22:6)
Жыныстық қатынас — тыйым емес, Құдайдың жаратылысындағы жоспардың бір бөлігі. Бірақ бүгінгі әлем бұл тақырыпты бұрмалап көрсетеді. Егер ата-ана үндемесе, бала интернеттен, достарынан немесе мәдениеттен жауап іздейді — және көбінесе жалған ақпарат алады. Құдай ата-аналарға құрмет пен жауапкершілік жүктеді —балалармен дене, махаббат және жыныстық қатынас туралы ашық, сыйластықпен және шындыққа сүйене отырып сөйлесу.
Құдай балаларды ата-аналарға әрі батасы, әрі жауапкершілік ретінде сеніп тапсырды. Библияда әр жағдайға арналған нақты қадамдық нұсқаулар жоқ, бірақ дұрыс тәрбиенің негізін қалайтын қағидалар берілген.
«Балалар — Жаратқаннан берілген мұра; құрсақ жемісі — Оның сыйы» (Забур 126:3).
Бала — біздің меншігіміз емес, Құдайдың сыйы. Біз шақырылғанмыз — иелік ету үшін емес, бағыт беретін тәлімгер болу үшін.
Тәрбие — өмірдегі ең маңызды әрі ең қиын міндеттердің бірі. Біз балаларға ең жақсысын бергіміз келеді, бірақ кеңестер мен пікірлердің арасында адасып кетпей, қалай тәрбиелеуге болады?
Бала тек жақсы адам болып қана қоймай, Құдайды да танып өсуі үшін не істеуіміз керек?
Секс — ойын емес, келісім (кеңес / завет). Бұл тек дененің ғана емес, жандардың да бірігуі.
Пәктік — ұят емес, құрмет. Бұл — жоғары құндылық, Құдай алдында құрметті нәрсе.
Ұялмау. Бұл тақырып туралы сабырмен, тыныш сөйлесіңіз — бұл табиғи нәрсе.
Кешірім. Егер қателік болса — Құдай кешіреді және қалпына келтіреді.
Балаларға нені жеткізу маңызды?
Ең дұрысы — ұлмен әке, қызбен ана сөйлескені. Бірақ ең бастысы — қайсысы балаға жақын және сенімді болса, сол адам сөйлессін. Егер ата-ананың бірі жоқ болса, рухани жетілген жетекші немесе тәлімгер көмектесе алады.
Кім сөйлескені дұрыс — ұлмен бе, қызбен бе?
Жыныстық қатынас лас немесе ұятты емес — ол неке шеңберінде киелі (Жаратылыс 2:24).
Құдай ер мен әйелді әртүрлі етіп жаратты, және бұл жақсы (Забур 138:14).
Біз жай жануар емеспіз — бізде жан, ақыл және жауапкершілік бар.
Бір ана ұлымен жыныстық тақырыпта сөйлесуге ұялатын. Бірақ мектепте ұлы тұрпайы әңгімелер естіген соң, бір күні анасына келіп, ашық сұрақ қойды.
Анасы батылдық жинап, Құдай жаратқан жыныстық қатынас туралы шындықты түсіндірді. Ұлы таң қалып: «Неге сіз бұрын айтпадыңыз? Мен ойлағанмын, сіз бұндайды түсінбейсіз» — деді.
Осы әңгімеден кейін олардың арасындағы сенім күшейді, және ұлы ең қиын сұрақтарын да анасына айтуға үйренді.
1. Балаларыңа жеткізгің келетін 3 құндылықты жаз.
2. Әр балаңмен жеке 15 минут өткізіп, тек тыңда.
3. Әр күні балаң үшін атымен дұға жаса.
Уа, Ием, маған балаларыммен осы маңызды тақырып туралы ақылмен және сүйіспеншілікпен сөйлесуге даналық бер. Қорқыныш, ұят пен сенімсіздікті алып таста. Мені шындыққа жетелейтін сүйіспеншілік жолбасшы ет. Баламның жүрегін, денесін және ойын таза, берік сақта. Әумин.
Құдай балаларға ата-аналарды берді — оларды ақиқат жолында жетелеу үшін. Жыныстық тақырып — қорқатын нәрсе емес, оны махаббатпен және даналықпен түсіндіретін тақырып. Отбасындағы ашықтық — бұл қорғау.
Неліктен бұл туралы айту маңызды?