2 Қорынттықтарға 5:17: «Кім Мәсіхте болса, ол — жаңа жаратылыс; ескі өтті, енді бәрі жаңа болды».
«Сендер де күнәларың мен қылмыстарың үшін рухани өлі едіңдер...» (Ефестіктерге 2:1)
Бұл сабақ Мәсіхтегі жаңа жаратылыс деген не екенін және Иса Мәсіхті қабылдағанда өміріміз қалай өзгеретінін түсінуге көмектеседі. Мәсіхтегі өз орныңды түсіну — рухани өсу мен Құдайдың еркіне сай өмір сүру үшін маңызды.
Бұл сабақ қандай сұрақтарға жауап береді:
● Мәсіхте жаңа жаратылыс болу деген не?
● Иса Мәсіхті қабылдағаннан кейін өміріміз қалай өзгереді?
● Неге біз әлі де ескі мен жаңа «мен» арасындағы күресті сезінеміз?
Сабақтан кейін неге қол жеткізесің:
● Сен Мәсіхте кім екеніңді, бұл түсініктің өміріңе қалай әсер ететінін және Құдайдың еркімен өмір сүру үшін оны қалай қолдануға болатынын түсінесің.
«Мәсіхте жаңа жаратылыс» дегеніміз — түбегейлі өзгеріс. Грек тіліндегі «жаңа» (καῖνός) сөзі тек жаңартылған емес, мүлде бұрын болмаған жаратылыс дегенді білдіреді. Құдай бізді жай ғана жақсартпайды — толығымен өзгертеді.
Бұрынғы табиғатымызда, Исаға дейін, біз рухани нәрселерге өлі едік. Бірақ Мәсіх арқылы біз жаңа жүрек аламыз, ол Құдайдың нәрселерін қабылдай алады. Жаңа табиғат Құдайға ұмтылады, ал ескі — тәнге. Ескі табиғат Құдай үшін өлі еді, сондықтан бізге Мәсіх арқылы жаңа өмір керек болды.
Иса Мәсіхті қабылдаған соң, біз Оның денесінің бір бөлігі боламыз. Бұл тек ішкі өзгеріс қана емес, айналамызбен қарым-қатынасымызды да өзгертеді. Біз Мәсіхтің Дене мүшесі боламыз және Иса Мәсіхтің өлімі мен қайта тірілуі арқылы дайындалған Құдайдың баталарына ие боламыз.
Бұл сенуші үшін неге маңызды?
Бұл шындық сенушіге Құдайда кім екенін түсінуге көмектеседі. Біз жаңа жаратылыс екенімізді түсінсек, өткеннің ауыртпалығынан босап, Құдайға тиесілі екенімізге сенімділікпен қарай аламыз.
Қалай тәжірибеде қолдануға болады?
● Мәсіхтегі жеке басыңды (идентичность) ұғын.
● Құдайдың шындықтарын азғырумен күресте қолданып, шынайы сеніммен өмір сүр.
● Жаңа «мен» сенің қарым-қатынастарыңа және жүріс-тұрысыңа әсер етсін.
София — жаңа сенуші христиан. Ол ұзақ уақыт бойы өзін әлсіз әрі Құдайдың сүйіспеншілігіне лайықсыз сезінді. Бұрынғы әдеттері мен күнәларына алаңдайтын. Бірақ ол Мәсіхте жаңа жаратылыс екенін білгенде, бұл оған аян болды. Өткен өмірі болашағын анықтамайтынын түсінді. Құдайдың көмегімен өзгеруді бастады. Уақыт өте келе, оның өмірі тыныштық пен қуанышқа тола бастады, және ол Құдайдың өзін ішкі жағынан өзгертіп жатқанын сезінді.
Бүгін сен Мәсіхте жаңа жаратылыс екеніңді білдің. Біз өткенмен байланысқан емеспіз, енді бізге Иса арқылы берілген жаңарған өмірде өмір сүруге мүмкіндік берілген. Ескі табиғат өлі болса да, біз күнәні жеңу үшін күресуіміз керек және жаңа табиғатты Құдайдың күшімен қолдауымыз керек.
Ием, мені Мәсіхте жаңа жаратылыс еткенің үшін Саған алғыс айтамын. Маған жаңа табиғатыма сай өмір сүруді, Саған бағынуды және барлық азғырулардан жеңіспен өтуге көмектес. Сүйіспеншілігің мен рақымың үшін алғыс. Аумин.
● Мәсіхте жаңа жаратылыс болу сен үшін нені білдіретіні жайлы ойлан.
● Жаңа «менмен» өмір сүру жайлы шешім қабылда — сен енді Мәсіхтесің.
● Осы түсінік сенің өзіңе және өмірге деген көзқарасыңды қалай өзгертетіні жайлы досыңмен немесе тәлімгеріңмен бөліс.