Сенімде өсу мен нығаю деген не?
«Ал сендер, Иеміз әрі Құтқарушымыз Иса Мәсіхтің рақымы мен туралы білімінде өсіңдер...» (2 Петір 3:18
Сен өзіңді бір орында тұрып қалғандай сезінген кезің болды ма? Сенімің бар сияқты, бірақ алға жылжу жоқтай ма? Бұл қалыпты жағдай — әркім рухани өсу тоқтап қалғандай сезінетін мезгілдерден өтеді. Бірақ Құдай біз үшін көбірек қалайды. Ол бізді жай ғана 'шыдап жүру' үшін емес, өсіп-даму үшін құтқарды. Құдаймен бірге мағынаға толы, ішкі күш пен рухани жетілуге жетелейтін өмірге шақырады.
1. Рухани өсу — теория емес, үдеріс
Өсу — бұл қысқа қашықтыққа жүгіру емес, бұл марафон. Бұл конферециядан кейінгі эмоционалды 'көтеріліс' емес, күнделікті шешімдер: сенім арт, кешір, оқы, дұға ет, Құдаймен бірге бол.
Мысал: Ася күн сайын Библиядан бір тарау оқып, бір қолдану ойын жазып отырды. Алты айдан кейін ол мәселелерге қалай сабырмен қарап қалғанына өзі таң қалды.
2. Киелі кітап — ішкі қуат көзі
Құдайдың Сөзі — біздің көзқарасымызды, әдетімізді, реакцияларымызды қалыптастырады. Біз Киелі кітапты үнемі оқығанда, Құдайдың ойлау тәсілі бізге сіңеді. Бұл бізге дұрыс шешім қабылдауға, ішкі тыныштықты сақтауға, жалғандықты тануға көмектеседі.
Кеңес: Жохан жазған Ізгі хабардан баста. Күн сайын бір қысқа үзіндіні оқы. Өзіңе сұрақ қой: Құдай маған не айтып тұр?
3. Дұға — сенімнің тынысы
Жүгірістен кейін тынысың жетпей қалған кез болды ма? Тыныссыз өмір сүру мүмкін емес. Сол сияқты дұғасыз сенім де өмір сүре алмайды. Дұға — міндет емес, диалог. Құдаймен досыңмен сөйлескендей шынайы сөйлесе аласың. Тіпті үндемей де бірге бола аласың.
Кеңес: Күн сайын 5 минут уақытыңды телефонынсыз, үнсіздікте өткіз. Құдайға шүкірлік айт, сұрақ қой, ішіңдегіні айт.
4. Айналаңдағы адамдар маңызды
Кіммен көп уақыт өткізсең — соған ұқсай бастайсың. Егер өскің келсе, Құдайды іздейтін адамдармен бірге бол. Ашық сөйлесуге, бірге дұға етуге, өмір жайлы пікірлесуге болатын шағын топ немесе қауым тап.
Сұрақ: Сенім туралы шынайы сөйлесе алатын бір адамың бар ма?
5. Қозғалыста Құдай жұмыс істейді
Кейде бәрін 'мінсіз сәтті' күтіп жүріп қаламыз — қызметке кіру, Библия оқу, өзгеру… Бірақ Құдай көбіне сен тек бастағанда әрекет етеді. Шабытты күтпе — іс-әрекеттен баста. Кішкентай адалдық үлкен өсуге жетелейді.
Өсу әрқашан шабытты немесе оңай бола бермейді, бірақ әрқашан маңызды. Құдай сені күшті, кемел, тірі болуға шақырады. Ол сені жалғыз қалдырмайды. Аздан баста. Тек баста. Құдай сенің жүрегіңді, ойыңды, өміріңді өзгертеді.
«Құдайым, мен өсуді қалаймын. Тек сенемін демей, Сенмен өмір сүргім келеді. Маған тұрақтылық, шыншылдық, Саған ашық болу қасиеттерін бер. Алға қадам басуға даналық, шыдамдылық пен күш бер. Аумин.»
  • Жохан жазған Ізгі хабарды күн сайын 1 тараудан оқи баста. 1 ойды жазып ал да оны қолдануға тырыс.
  • Құдай өміріңде не істеп жатқанын бір адаммен бөліс.
  • Күн сайын 10 минут 'дұға уақыты' өткіз (телефонсыз, тыныштықта).
  • Шағын топ, қауым немесе дос тап. Ондай адам жоқ болса — Құдайдан сұрап дұға ет.
Қорытынды
Мінәжәт:
Апталық практикалық тапсырма
Негізгі бөлім
Кіріспе
Басты бетке өту
Хабарласу
Келесі мақала
Made on
Tilda